KERUEN KURS ҰСЫНЫС КЕЛІСІМІ

Алматы қ. 2019 жыл
Бұл шарт бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «ARMANDA Holding» ЖШС-нің Жарғысы негізінде әрекет етуші Директоры Бухарбаев Арман Бериккалиевич бір тараптан және бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын__________________________________________ __________________________________________екінші тараптан, бірге алғанда «Тараптар» төменде көрсетілген мазмұндағы осы Шартты, бұдан әрі«Шарт» жасасты:

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1.1. Шарттың мәні бойынша Орындаушы Тапсырыс берушіге осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшасымен қарастырылған пакеттер аясында қызмет көрсетеді, ал Тапсырыс беруші курасқа қатысу құнын төлеуге міндеттенеді.
    1.2. Курасқа қатысу екі түрлі тәсілмен: оффлайн – Тапсырыс берушінің Орындаушы аудиториясында тікелей қатысуы арқылы және онлайн – интернет желісін пайдалана отырып көрсетілім (трансляция) арқылы жүзеге асырылады.
    1.3. Оқудың толық курсын немесе таңдаған пакеті бойынша аяқтағаннан кейін Тапсырыс берушіге Курста оқу фактісін растайтын құжат беріледі.
  2. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ КУРСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
    2.1. Курастың бағасы мен өткізілу мерзімі Тапсырыс берушінің таңдаған пакетіне байланысты осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылаты №1 қосымшаға сай анықталады.
    2.2. Курстың құны Шарт жасалған күннен бастап алдын-ала 100% мөлшерінде төленеді, бірақ кез-келген жағдайда Курс басталмастан бұрын.
    2.3. Курстың құнын төлеу, Тапсырыс берушімен келесідей тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
    • төлем терминалдары немесе интернет-банкинг арқылы төлеу;
    • орындаушының есеп айырысу шотына төлеу арқылы. Бұл жағдайда, Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша төлеуге шот ұсынылады.
    2.3. Егер Тапсырыс берушінің ұсынысымен оффлайн тәсілі онлайнға өзгертілген болса, онда баға айырмасы қайта есептелмейді және ақша айырмашылығы кері қайтарылмайды. Ал егер, Тапсырыс берушінің ұсынысымен онлайн тәсілі оффлайнға өзгертілу тек қосымша ақыны, яғни бағалар айырмашылығын төлегеннен кейін жүзеге асырылады.
    2.4. Егер мастеркласс өткізу барысында немесе өзге де жағдайларда Тапсырыс беруші шарт жасасу (арнайы ұсыныс, акция, жеңілдік алу үшін) мақсатымен кепiлпұл берген болса және мiндеттеменiң орындалмауына жауапты болса, онда ол Орындаушыда қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап, яғни Орындаушы жауапты болса, ол екiншi тарапқа, яғни Тапсырыс берушіге кепiлпұлдың екi еселенген сомасын төлеуге мiндеттi.
    2.5. Егер Тапсырыс беруші Орындаушыға жазбаша түрде оның қызметтерін ұсыну аяқталғаннан кейін бес күн ішінде өз талаптарын жібермеген болса, онда қызмет тиісті түрде ұсынылған деп есептеледі.
  3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
    3.1. Орындаушы құқылы:
    3.1.1. Курстың мазмұны мен мәтінін өз бетінше жетілдіруге, оқу-әдістемелік құралдарымен қолдауды қамтамасыз етуге, оқу технологияларын таңдауға және курсты жүргізетін оқытушыларды дербес анықтауға;
    3.1.2. Бос орын болған жағдайда Тапсырыс берушіге қызмет көрсету;
    3.1.3. Курс барысында Тапсырыс берушіге бейне түсірілім жүргізуге тиым салуға;
    3.1.4. Курс барысында фото және бейне түсірілім жүргізуге және ол материалдарды өз қалауы бойынша пайдалануға.
    Шартқа қол қоя отырып, Курс барысында Тапсырыс берушінің қатысуымен жасалған фото және бейне материалдарды Орындаушының өз қалауы бойынша пайдалануына қайтымсыз келісім беретіндігі Тапсырыс берушіге ескертілген.
    3.1.5. Тапсырыс беруші Шарт бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Орындаушының бір жақты тәртіпте қызмет көрсетуін тоқтатуға және Тапсырыс берушімен бұрында төленген ақшасын қайтарудан бас тартуға құқылы екендігімен Тапсырыс беруші келіседі, өйткені мұндай іс-әрекеттер Тапсырыс берушінің Шарттан бір жақты бас тартуы болып саналады.
    3.1.6. Тараптар Орындаушының қызмет көрсету орнын, мерзімін және уақытын өзгертуге құқылы екендігімен келіседі. Өзгертулер туралы хабарлама Тапсырыс берушіге, осы Шарттың «Деректемелер» бөлімінде немесе өтінім толтыру барысында көрсетілген Тапсырыс берушінің байланыс телефон нөміріне қоңырау шалу/e-mail/SMS хабарлама жолдау арқылы, астана уақытымен 23 сағат 59 минуттан кешіктірмей жіберілуі тиіс. Орындаушы Тапсырыс берушінің көрсеткен телефон нөмірлерінің растығына, сонымен қатар Орындаушыға байланысты емес себептермен, Тапсырыс берушінің байланыс аясынан тыс жерде болғанына қарамастан, Тапсырыс берушінің хабарламаны дер кезінде алмауына жауапты болмайды.
    3.1.7. Тапсырыс берушінің Курс барысында оқу үрдісіне қажетті материалдық-техникалық құралдары болмаған жағдайда, Тапсырыс берушінің Курсқа қатынасуына рұқсат бермеуіне;
    3.2. Орындаушы міндетті:
    3.2.1. Тапсырыс берушіге курсқа қатысты барлық қажетті ақпаратты ұсынуға;
    3.2.2. Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша Орындаушының ұсынатын қызметтеріне қатысты кеңес беру арқылы қолдау көрсетуге;
    3.2.3. Курс барысында Тапсырыс берушінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін белгіленген стандарттарға сәйкес оқытудың қауіпсіз жағдайларын жасауға;
    3.3. Тапсырыс беруші міндетті:
    3.3.1. Курстың басталатын күнін, уақытын, бағасын, талаптарын өз бетімен және уақытында білуге;
    3.3.2. Осы Шартты жасау кезінде байланысу ақпараттарымен қоса, өзі туралы қатесіз, дұрыс ақпараттар ұсынуға. Байланыс құралдары немесе жеке басына қатысты мәліметтері өзгерген жағдайда, Орындаушыны кез-келген қол жетімді тәсілмен тез арада хабардар етуге;
    3.3.3. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшада белгіленген баға мен тәртіпке сәйкес Курс ақысын уақытында төлеуге;
    3.3.4. Тапсырыс беруші төлеген курстың барлық сабақтарына өзі келіп/қашықтықтан (трансляция) қатысуға және Орындаушы ұсынған нұсқаулыққа сәйкес оның тапсырмаларынтолық орындауға.
    Егер Тапсырыс беруші тапсырмаларды орындамаса, сабаққа қатыспаса, онда ол қызмет көрсету сапасына кінәрат-талап қоюға құқысыз, өйткені оның өзі көрсетілетін қызметтерді алуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмаған болып табылады.
    3.3.5. Орындаушымен Тапсырыс берушінің мүлікті жоюы/бүлдіруі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай шығынды толық көлемде өтеуге.
    3.3.6. Тапсырыс беруші оқу үрдісіне қажетті материалдық-техникалық (компьютер және заман талабына сай ұялы телефон, сонымен қатар өзге де техникалық құралдар) құралдары Қызмет көрсету басталмастан бұрын тағайындауға. Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарын қабылдай отырып өзінің оқу үрдісіне қажетті материалдық-техникалық, яғни компьютер және заман талабына сай ұялы телефон, сонымен қатар өзге де техникалық құралдары бар екендігін растайды.
    3.4. Тапсырыс беруші құқылы:
    3.4.1. Курстың күнтізбелік бағдарламасымен танысуға;
    3.4.2. Осы Шарттың 1.2. тармақшасына сәйкес Курсқа қатысу тәсілдерін (оффлайннан онлайнға және керісінше) ауыстыруға;
    3.4.3. Орындаушы қызметінің сапасына қатысты наразылықтарын дәлелдей отырып, оны әрі қарай зерделеу және жою үшін оны жазбаша түрде ұсынуға.
    Олай болмаған жағдайда түрлі дерек көздердегі жарияланымдар, сонымен қатар Орындаушының іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жеке идеялар мен пікірлерді ауызша насихаттау, өз пайдасын көздеген мақсатта жала жабу ретінде қаралатын болады және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады.
    3.4.4. Шарттың мәні, талаптары мен жүктелетін міндеттері Тапсырыс берушінің көңілінен шықпаған жағдайда осы Шартты жасасудан бас тардуға.
    3.3.5. Тапсырыс беруші өтілген сабақтарды жетік меңгере алмаған жағдайда Орындаушымен оның веб-сайтында көрсетілген кез-келген байланыс құралдарымен хабарласып кеңес алуына.
  4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ
    4.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Тараптар осы Шартқа сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасымен жауапкершілік көтереді.
    4.2. Тапсырыс беруші техникалық, компьютерлік және заман талабына сай техникалық білімінің төмендігі салдарынан Курс бағадарламасын меңгере алмағандығына Орындаушы жауапты емес.
    4.3. Курстың сапасы Тапсырыс берушінің жеке субъективті бағалауының нәтижесінде күткен сапасына сай келмегендігіне Орындаушы жауапты емес және ол Курстың сапасыздығының көрсеткіші ретінде есепке алынбайды.
    4.4. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, егер ол Тараптар болжай алмаған және Шартты орындауға тікелей қатысы болған өрт, су басу немесе жер сілкіну, сұрапыл апат, блокада, ереуіл, әскери қимылдар, лаңкестік әрекет және осы сияқты тағы да басқа еңсерілмес күштер жағдайының салдарынан болса жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмес күштердің жағдайына тап болған Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімі осындай жағдайлар кезеңіне ұзартылады.
  5. ШАРТТЫ БҰЗУ ТӘРТІБІ
    5.1. Шарт екі Тараптың келісімімен тоқтатылады.
    5.2. Тапсырыс беруші тарапынан тиісті төлем жасалмаған немесе міндеттемелері тиісті түрде орындалмаған жағдайда, Шарт Орындаушымен бір жақты соттан тыс тәртіпте тоқтатылады, бұл ретте Тапсырыс берушінің бұрында төлеген ақшасы кері қайтарылмайды.
    5.3. Шарт Тапсырыс берушінің бастамасымен тоқтатылған жағдайда, Тапсырыс берушінің бұрында төлеген ақша сомасы кері қайтарылмайды.
  6. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
    6.1. Шартты орындауға байланысты туындаған даулар мен келіспеушіліктер, Тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен мүмкіндігінше шешіледі.
    6.2. Егер тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушының орналасқан жеріндегі сотта шешіледі.

7.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7.1. Шарт заңдық күші бірдей екі данада қазақ тілінде жасалды.
7.2. Шарт Тараптардың келісімі бойынша өзгеруі немесе толықтырылуы мүмкін. Өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық танытқан Тарап, екінші Тарапқа кем дегенде 3 (үш) жұмыс күні бұрын тиісті хабарлама жіберуі тиіс. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа енгізілген барлық толықтырулар мен өзгертулер,Тараптардың Қосымша келісімдерінде көрсетілуі тиіс.
7.3. Хаттар, хабарламалар поштамен, факсмиле байланысымен немесе электронды пошта арқылы жіберілуі тиіс.
7.4. Шартта қарастырылмаған барлық басқа жағдайларда Тараптар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылықа алады.
7.5. Орындаушы, мемлекеттік органдардың және қоғамдық, саяси, діни ұйымдардың, қауымдастықтардың істеріне араласпайды және азаматтардың мақсаттарын жүзеге асыру кезінде саяси, діни мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет етпейді.
7.6. Орындаушының қызметі лицензиялауға жатпайды.
7.7. Бұл шарт Тараптар өзара қол қойған сәттен бастап Тараптар үшін күшіне енген болып саналады және Тараптардың осы Шартпен көзделген міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін жарамды болып табылады.
7.8. Тапсырыс беруші осы шартқа қол қоя отырып Тапсырыс берушіге осы шарттың мәтіні мен мәні түсінікті екендігін және осы шартта көрсетілген талаптармен толық келісетіндігін растайды.
7.9. Орындаушы Тапсырыс берушіге Шартта көрсетілген мекен-жай бойынша пошта арқылы немесе электронды түрде қызмет көрсету актісін жіберуге құқылы. Тапсырыс беруші қызмет актілерін алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде оған қол қоюға және көшірмелердің бірін Орындаушыға жіберуге немесе Орындаушыға жазбаша түрде бас тартуды жіберуге міндетті. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін Тапсырыс беруші Орындаушының мекен-жайына қызмет көрсету туралы қол қойылған ұүжатты немесе негізделген бас тарту туралы құжатты жібермесе, онда осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтер толық және сапалы қабылданды деп есептеледі.

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
    Орындаушы:
    ЖШС «ARMANDA Holding»
    БСН 150540014156
    «Kaspi Bank» АҚ
    БСК CASPIKZKA
    Мекен-жайы: Алматы қ., Өтеген батыр к-сі, 11 «а» үй, 305 оф.
    Директор Бухарбаев А.Б.